Мырзағұл Әбдіқұлов: «Өлімнен де күшті!» / История Казахстана / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












История Казахстана



Интересные факты из истории Казахстана. Портал «История Казахстана» — e-history.kz.

Блог ehistory
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Мырзағұл Әбдіқұлов: «Өлімнен де күшті!»



Айтатын ой көп. Жеті жылда көргенімді, түрмедегі адамдардың барлығы жаман болмайтындығы, олардың ішінде де рухы биік, жаны таза кісілердің көп екендігі туралы ойларымды әңгімеге сыйғызу мүмкін емес

Желтоқсанның ызғарлы желі талайларды тоңдырды, талай қазақты жұлқып, ұйқысынан оятты, талайлардың намыс отын тұтатты. Сол тоңғандардың, оянғандардың, көкіректегі намыс оты тұтанғандардың бірі – менмін. Тас зынданда болған жеті жыл уақыттың ішінде талай тозақты көрген мен өлімнен де күшті нәрсе бар екенін ұқтым. «Туған жердің намысы бөтен қолда кетпесін!» деп Қайрат інім жырлағандай, оның аты – Намыс. Ар, Ұят, Рух екен. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «Ерді намыс өлтіреді», «Өлімнен ұят күшті» деген халқымның асыл сөздеріне Желтоқсан көтерілісінен бұрын шын мәнінде тереңдеп, ой көзімен қарамаппын. Қамшының сабындай ғана өткен ғұмырымдағы түрмеде болған жеті жыл қазір ойлап отырсам жеті ғасырға татитындай. «Бас қатты ма, тас қатты ма?» деп сұрай қалса, бұрын қалай жауап берерімді білмеймін, қазіргі айтар уәжім нық. Тас түрменің табалдырығын аттағаннан-ақ жеген таяқтан, тиген ауыр тепкілерден денемде сау жерім жоқ десем өтірікші бола қоймаспын. Бәрінен де батқаны – өз қаракөз бауырларымнан жеген таяғым мен тепкілерім. Аттарын айтып неғылайын, олардың көбісі қазір сол қызметтерінде алшаң басып жүр. Тіптен бет-аузы шімірікпей «Өлім» жазасын «мәрттікпен» менің мойныма іліп жіберген халық соты да өзімнің қандасым екенін жүрегім езіле отырып, қағаз бетіне түсіруге мәжбүрмін.



Кейде өзімше отырып тағдырыма налитыным бар. Әкем Тәжіғұлдан жастай қалдым. Ол аз болғандай біз ат жалын тартып мінгенде туған жерім – Аралдың бағы тайып, апатты аймаққа айналды. Көппен бірге жасы келген анамды, бала-шағамды шұбыртып Алматыға келдім. Мұнда мені күтіп тұрған кімім бар, талай азапты бастан өткердік. Бір жақсы адамның көмегінің арқасында қалаға жақын бір ауылдан ұлтарақтай жер алғанда қуанышымызда шек жоқ. Сол жерге екі бөлмелі үйді әзер дегенде қалқиттым. Одан артыққа осы күнге дейін шамам жетер емес. Қазір сонда бес баламмен тығылысып, тұрып жатырмыз. Жә-ә, әңгіменің арнасы бұрылып барады білем, негізгі айтар ойыма ауысайын. Қай халықта болсын, сатқындар, намыссыздар, ездер, қаны жоқтар баршылық. Орыс империясының осындайларды дайындаудағы шеберлігіне «тәнтімін». Жетпіс жыл (тіпті одан бұрын да) бойына дүйім бір халықтың көңіл көзін бітеп, шел бастырып келген не деген мықты саясат! Аштықтан, репрессиядан, соғыстан жарты халқымыз шыбындай қырылып жатсақ та, артымызға бір бұрылып қарамаппыз-ау! Кіл соқыр байғұстар, басы жоқтар (басы барларды ажал «қылышымен» қағып отырған) шынында да қалай көрмек?! Міне, көр соқырдың бірі мен едім. Желтоқсанның 17-дегі қырғында келесі күні таңертең естідік. Құлағым елеңдеп, үйде жата алмадым. «Балалар әлемі» дүкенінің жанына келгенімде сол маңды бес қаруы сай әскерлер сап түзеп қоршай бастады. Әлдебір жамандықты сезгендей жүрегім өрекпи соқты. Сөйтсем, жоғары жақтан көтерген плакаттары бар, өлеңдеткен қазақ жастары шеру тартып келеді екен. Бізді қақпайлап шетке шығарып жіберді. Басыма қан теуіп, бойым шымырлаған мен сол шеруге қосылып кетер ме едім, нағашы әпкем кездеспегенде... «Құрисың! Кет бұл жерден!» деп ол мені қуды. Амал жоқ, артыма қарайлай-қарайлай ауылға қайтып келдім. Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алсамшы: «Ойпыр-ай, менің сол қаракөз бауырларымнан жаным артық па? Не деген ез, қорқақ едім. Осындайда төбе көрсетпеген еркек еркек пе? Қайда қазақтық намысым? Қап!» деп өзімді күстаналадым. Ертеңінде қалаға баруға сылтау табылғанда іштей қуандым. Анам, жарым қалаға бармағанымды қалады. «Қорықпаңдар. Келем ғой!» дедім мен. Тағдыр деген қызық қой. Өздеріңіз білетіндей өзімді қорғаймын деп жүріп бір орысты өлтірдім. Қолдарында жарты метрдей темірлері бар олар үшеу еді. Өзімді қорғамасам, олар мені өлтірер еді немесе мүгедек ететіндігінде сөз жоқ болатын. Сол кездерде үлкендерді қайдам, қазақ жастарының тағдыры бес тиын болып қалды ғой. Мен өзімді ғана емес, намысымды қорғап қалғанымды көп уақыт өткен соң білдім. Әңгіменің басында Желтоқсан көтерілісі талай қазақты оятып, намыс отын тұтатқанын айттым. Желтоқсанның негізгі оқиғасы болған маңда менің бір замандасым тұрды. Атақты спортшы. Бірақ ана тілімізге шорқақ. Мәңгүрттің үйреншікті қалыбына түскен. Әйелі орыс. Ұлттық намыстан жұрдай. Оны мен оншалықты жақтырмаймын. Жеті жыл түрменің ащы дәмін татып келгеннен кейін сол замандасымды кездейсоқ кездестіргенімде танымай қалдым. Еңгезердей біреу құшақтай алғанда тұншығып кете жаздадым. Сол, сол ғой! Ау, ол қазақша білмеуші еді ғой деймін таң қалып. Хал-жағдайынан ана тілімізде сорғалатқанда аузым аңқиып қалыпты. Мұнымды сезген ол мән-жайды қысқаша айтып берді. «Менің үйімнің Республика алаңына жақын тұрғанын жақсы білесің. Сол он сегізінші желтоқсандағы жан шошырлық түн мәңгілік жадымда қалып қойды. Қарындастарымыздың шыңғырған дауыстары, иттердің абалағаны, жанталаса дүркірей қашқан бауырларымыз, оларды табанымен таптаған қатыгез әскерлер... Сағат он мен он бірдің арасы ғой деймін, біздің балконның түбінен алдымен жас қыздың шыңғырған дауысы, содан соң: «Ағатайлар-ай, менің жазығым не? Жіберіңдерші!» деген жалынышқа толы сөзін анық естідім. Әлдекімдер қар-қарқ күліп, балағаттап, дүрс-дүрс тепті ме, ұрды ма-ау, қыздың үні лезде өшті. Шыдай алмадым, балконға жүгіріп шықтым. Жарықтан анық байқадым, екі-үш солдаттың жап-жас қазақ қызын қанын сорғалатып (ертеңінде сенбей жерге жұққан дақты анықтадым) қолаң шашынан ұстап, дырылдата сүйреп бара жатқанын көрдім. Мұндай қатыгездікті көріп тұрып шыдау мүмкін емес еді. Айқайлап жібердім. «Оңбағандар! Қатыгездер! Жіберіңдер! Жіберіңдер деймін».



Олар сәл тоқтады да, жындыны көргендей тағы да қарқылдап күлді. «Қазір саған келеміз. Ажалыңа асыққан, ақымақ!» деді олар. «Келіңдер, келіңдер!» дедім. «Жастығымды ала өлейін!» деп әйелімнің қарсылығына қарамай, үйдегі ет шабатын балтаны қолыма ұстап, олардың келгенін күттім. Олар келмеді. Міне, сонда мен өзімнің еңгезердей болып намыссыздығыма, бос кеуделігіме, ездігіме қатты қорландым. Әйтпесе менің жаным олардан артық па еді? Өкініштен не пайда? Желтоқсан көтерілісі өтті, кетті. Мені әйелім сыртқа жібермеді. Бірақ менің сілкінген санамда Желтоқсан қалдырған із мәңгілік қалды. Мен бұдан былай қазақ болуға, ана тілімді үйренуге, халқыммен бірге болуға ант іштім. Көп ұзамай әйеліммен ажырастым. Көріп, тыңдап отырсың, ана тілімді сенен кем білмеймін».

Толығырақ оқу


Теги: Мырзағұл Әбдіқұлов, намыс, ар, ұят