Бекарыстан би мен Ақтан батырдың тарихтағы орны / История Казахстана / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры












История Казахстана



Интересные факты из истории Казахстана. Портал «История Казахстана» — e-history.kz.

Блог ehistory
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Бекарыстан би мен Ақтан батырдың тарихтағы орны


Қасиетті Сыр бойының топырағынан елін қорғаған батырларымыздың, білікті билеріміздің өмір жолдары әлі толық зерттеліп болған жоқ.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық тарихымыз бен рухани мұрамызды тереңінен зерттеп, жаңаша зерделеуге мүмкіндік туды. Әрбір азамат өз елінің өткені мен тарихын білуге, Отан тарихының тәжірибесі мен құндылықтарын келесі ұрпаққа үйретуге міндетті. Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті құрушы негізгі ұлт – қазақ ұлтының тарихын терең де жан-жақты зерттеп зерделеу қажет. «Өз жұртыңды құрметтеу – туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты сөзі, өлкені танып-білуден екенін көрсетіп тұрғанын білеміз. Қасиетті Сыр бойының топырағынан елін қорғаған батырларымыздың, білікті билеріміздің өмір жолдары әлі толық зерттеліп болған жоқ. Қазақ батырлары – көшпелі қоғамының әскери тәжірибесін, дәстүрін сақтаушы және оны келешекке дәріптеуші. Батырлар өздерінің әскери өңері арқылы келешек ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелейді. Қазақ батырына ел үшін, жер үшін ұрыс майданында өлу үлкен мәртебе болған. Неміс тарихшысы Л.Н. Ренкенің айтуынша, «...Тарихи оқиға қалай болса, сол күйінде жазу керек» десе, келесі неміс ғалымы Марк Блок «Тарихтың әр қилы куәлігі шексіз. Әрбір айтқан адамның сөзі, жазғаны, қолымен жасағаны, қолы тиген жерінің бәрі ол туралы дерек беруі керек» деген. Яғни ұлттық тарихты зерттеу, зерделеу үшін нақты төл деректеріміз шежіре, фольклор, естелік, мерзімді басылым, заттай материалдарға сүйенуіміз керек. Қазақ халқының дәстүрі мен қоғамдық өмірінде біте қайнасып келген билер институты өз ерекшелігімен маңызды орын алады. Билер елдің дәстүрлі ұстанымдары мен халық тәрбиесіне үлкен назар аударып, ұлттық дүниетанымды негіздеуге атсалысты. Қазақ елінде ханнан гөрі бидің қадір-қасиеті басым болған. Ханның арқа сүйеуі жарасымды бимен табылады. Бисіз хан оңбайды, хандықпен қатар қырағы билік те бір жерге бас қосса, ондай ханды елде суйеді, ұмытпайды, шежіресінде атын қалдырады. Л. Баллюзек өз еңбегінде билердің орнын өте жоғары дәріптеп келтіреді: «Би — өз халқының тірі шежіресі, заңын көп білетін заңгері болып қана қоймай, шешендігі, суырып салма сөз өнерін жетік білетін, халқымен біте қайнасып, тұрмысына да, әдет- ғұрпына білгір болған саясаткер». Қазақ халқына тән билер институтының ерекшелігі, оның қоғам омірінің саяси, әлеметтік және рухани салаларына ғасырлар бойы сіңірген еңбектерінде. Осындай ел қажеттіліктерін сабақтастырып, ұштастыра білген билер институтына өз үлесін қосқан, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысымен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүргені – Бекарыстан би болды. Оның азаматтық қайсарлығы, сөз тияр өнері,ел үшін жасаған әділ билігі ауыз-екі деректен сақталып келді. Қазақта «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген ұлағатты сөз бар. Әрі батыр, әрі би Бекарыстан Амалдықұлының жеті аталық шежіресін былай таратайық: Алшын-Әлімұлы-Жаманақ (Шекті)-Өріс-Есенәлі-Кішкене. Кішкенеден Асан дүниеге келеді. Асаннан Матығұл одан Нұрбай би дүниеге келеді. Нұрбай басқа балаларына қарағанда зерделі, алғыр, еті тірі болып өседі. Есейе келе өткір тілді шешен, білгір, қайратты болған. Нұрбайды халық «Би Нұрбай» атап кеткен. Нұрбай биден мықты болып туған Амалдық, одан дүниеге әрі би, әрі батыр Бекарыстан келеді.

Кезінде бүкіл түркі әлемінің данышпаны Қорқыт баба: «Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі» деген екен. Сол сияқты Бекарыстан батырда жауды садағының бір оғымен қайтарған екен. Бұл оқиға ХІХ ғасырдың 50-і жылдары болғанға ұқсайды. Бір жылы елді жау шауып, «жау келе жатыр» деген хабармен Бекарыстан би ауылы мұз үстімен Көкаралға қарай көшеді. Бекарыстан би: «Қашаңғы көше береміз, қайрат қылмаймыз ба?» десе балаларының ешқайсысы үндемейді. Сонда батыр әрі би Бекарыстан садағын алдырып ат үстінде тұрып бір жебені тартыпты, жебенің тек бір ғана сүйемі жерге кірмей қалыпты. Қош жүре береді де, артынан ізін қуып келген жаудың батырлары қадалған жебеге кезігеді. Содан олар мұзға жебе тартыпты да, ешқайсысы Бекарыстан батырдай жебенің жобасына жеткізе алмапты. Қазақтың батырының мықтылығына көзі жетіп түрікмендер: «Қой мынадай батыры бар ел бізге алдырмас», – деп кері қайтады.

Толығырақ оқу


Теги: Бекарыстан би, Актан батыр, Сыр елі, тарих, батыр, би