Көшпенділер өркениеті: қазақ ат әбзелдері / История Казахстана / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу












История Казахстана



Интересные факты из истории Казахстана. Портал «История Казахстана» — e-history.kz.

Блог ehistory
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Көшпенділер өркениеті: қазақ ат әбзелдері


Көшпенділер өмірі жылқы малымен тікелей байланысты болғандықтан, оның бұйым-жабдықтарын жасап пайдалану да өзіндік өнер деп саналады.

Адамзат өркениетіне үзеңгіні ойлап тауып қосқан Ұлы Даланың қожайындары жылқы және оның бұйымдарын жасап, пайдалану ісінде жер жүзінде артық болмаса ешкімнен кем емес.

Ат әбзелдері және қолданылуы

Ат әбзелдері дегеніміз — жылқы малын жуасытуға, басқаруға және мінуге арналған бұйымдар. Ер тұрман бастап, жүген-ноқта, тізгін-шылбыр, өмілдірік-құйыстан секілді жабдықтар шоғыры ат әбзелдерін құрайды.


Мәскеудің халықтану музейінінң қорындағы мұра. Сурет 1931 жылы түсірілген

Қазақ халқы ат әбзелдерін тұрмыстық, сәндік, жауынгерлік мақсатқа орай пайдаланып отырған. Тұрмыстық мақсатқа күнделікті шаруаға қажет, үнемі қолданылатын ат әбзелдері жатады. Оны сәндемейді және жасау үшін ұсақ түлік тай-тайыншаның терісін-де пайдалана береді. Сәндік мақсат үшін жасалған әбзелдер қатарына ұзатылған қыздың ат әбзелі, ас-тойға немесе салтанатты жиынға баратын елбасшыларының ат әбзелдері және әулеттік-отбасылық мұра үшін арнайы сәндеп жасатқан құралдар жатады. Ал жауынгерлік әбзелдің ерекшелігі — өте берік әрі ыңғайлы етіп, нағыз атан өгіздің терісінен жасалады. Оны сәндеп жатпайды, бірақ көшпенділер шайқас кезінде ат әбзелдеріне ритуалдық таңбаларын өрнектеп салады.

Ер-тұрман қалай пайда болды?

Адам баласының асау жылқыны ауыздықтап мінуі және ер-тұрманды ойлап табуы дүниежүзілік өркениет үшін ұлы жаңалық болды. Ердің шығуы жайында Орта Азия халықтарында мынадай, аңыз бар: «Бірнеше мың жыл бұрын мұсылман патшасы Жәмшид ұзаққа созылған атты жорықтан соң, артын жарақаттап алады, ауырған жерін жеңілдету үшін, атының арқасына иленген нан (қамыр, жайма) салғызып мінеді. Ауырған жері жазылып жайма нанның аттың арқасына келісті формаға келіп қатая бастағанын байқаған патша, аяғының талғанын қойдыру үшін ат үстінен тұзақ тастап, оған аяғын салады, аяғының талғаны тоқтайды. Сонда патша жайма нанның формасындай етіп, ағаш пен былғарыдан зат жасауды бұйырады. Сөйтіп бұл нәрсені ер деп атайды».


Алтайдан табылған көне ер-тұрманның реконструкциясы

Ертедегі Ұлы Дала тайпаларының ер-тұрманы жұмсақ жасалған әрі бір айылмен тарта салатын болған. Тоқымнан, ердің екі қасына ұқсастырып жасалған ішіне шөп, бұғының жүнін тыққан екі көпшіктен, айыл-тартпадан, өмілдірік және құйысқаннан тұрғанын Пазырық, Берел қорғандарынан табылған ер-тұрмандардан көруге болады. Ал еуропалық халықтарға ер-тұрман кейіннен таныс болды. Бұл туралы мәліметтерді 340 жылы Рим тағының мұрагері кіші Константинді өлтіруге байланысты оқиғадан, 385 жылы Император Феодосийдің пошта аттарына салынатын ер-тоқымның салмағы 60 фунттан аспасын деген ережесінен білеміз. Ал ғұндар дәуірінде алдыңғы-артқы қасы бар, сүйегі қатты, ағаштан жасалған ерлер кең қолданыла бастаған.

Ат әбзелдерінің түрлері

Тебінгі — жұмсақ теріден немесе былғарыдан жасалатын, ердің қос қапталындағы үзеңгі бауды басып тұратын жұқа жабылғы. Ол тоқым мен үзенгі бауды терден сақтайды.

Таралғы немесе үзеңгі бау деп ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп, үзеңгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп жасайды. Жайшылықта үзенгі бау бір қабат болса, жаугершілік кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ал үзеңгі — атқа мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге мүмкіндік беретін құрал.

Пыстан — көпшіктің, ат көрпенің үстінен баса тартылатын төсайылмен бірге жүретін, ер жабдықтарының арасындағы ең көрнекті көз тартатын түрі. Ат көрпені алды-артынан басып тұратын жіңішке бау тағылады. Бауды «пыстан бау», «көпшік бастырма», «бастырма», «көрпе бастырма» деп әр түрлі айтады.

Жүген — желкелік, милық, кеңсірік, қасқалық, сағалдырық, сулық, ауыздық және тізгін-шылбырдан тұратын, аттың басына кигізілетін, міндеті — атты иесі ырқына бағындыруға көмектесетін әбзел. Жүгеннің түрі көп. Атап айтқанда: күміс (күмістелген) жүген, өрім жүген, шашақты жүген, қасқа жүген, үкілі жүген, түймелі жүген т.б. Жүген басына ауырлық келтіретіндей болмауы керек. Сондай-ақ, ертеде бәйбішелер мінетін жуас жылқыларға жібек жүген қолданатын болған.



Құйысқан — аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде-мойнына қарай сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады.

Өмілдірік — жұмсақ қайыстан сәндеп жасалатын, ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал. Өмілдірік төсбау және айылбас салпыншақтардан тұрады. Төсбаудың міндеті — омыраудағы өмілдірік аттың бауыздауына қарай сырғып кетпеу үшін, бір ұшы төс айылға байланып тұрады.

Айыл — аттың үстіндегі ер-тұрманды нық ұстап тұратын, жалпақтығы екі елі қайыс құрал. Айыл ердің қамшылар жағына бекітіліп, аттың бауырынан өткізіліп, жырымға қосылады. Айылдың міндетіне қарай төс айыл және шап айыл деп бөледі.

Толығырақ


Теги: Көшпенділер өркениеті, ат әбзелдері