Ауыр көтерген алыптар / История Казахстана / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется.












История Казахстана



Интересные факты из истории Казахстана. Портал «История Казахстана» — e-history.kz.

Блог ehistory
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Ауыр көтерген алыптар


Ежелде ат құлағында ойнаған батыр бабаларымыздың күші орасан зор болғаны тарихтан белгілі.

Толағайдың тау көтерген хикаясы ұрпақтан-ұрпаққаңыз күйінде жетсе-де, алыптардың елден ерек күш-қуаты жайлы нақты мысалдар өмірде жеткілікті. Қазіргі қазақ балуандарының «күш атасын танымас» деген ұстаныммен қауқарын танытатын «Қазақстан барысы» V республикалық турнирінің қарсаңында ауыр көтерген алыптардың қысқаша өмірдерегін ұсынамыз.

Тайлақ



Мұндай ауыр тасты көтеру бұрын-соңды қазақ тарихында болған емес. Жау түсіріп ту алған бұрынғы жаугершілік заманда бұл жағдай таңсық болмаса да, бүгінгі күні өте таңқаларлық нәрсе! Сенсациялық хабар деп айтуға тұрарлық.

«Барақтың қазақ əйелінен туатын Бостанның ұлы Тайлақ палуан көтеріп əкеліп орнатты дейтін маматас Күршім өзенінің оң жағалауында „Қызылтас“ деген Барақтың ескі жұртында жетпісінші жылдарға дейін тұрды. Аққұрыш тастан ойып алынған меңгір Енисей алқабының көне балбалдарына ұқсас, салмағы үш тоннадан артық еді, кейіннен тракторының күшін сынаған біреу құлатыпты дегенді естиміз». Бұл дерек — белгілі оқымысты Сәбетқазы, Ақатайдың «Найман хандығы» атты кітабынан алынды.

Т. Қайырбаевтың этнографиялық дерегіне қарағанда, Барақтың дулығасының ішкі шеңбері 13 сүйем екен. Бұл Барақтың алып денелі адам болғандығын, аңғартады. Осы батыр бабадан туған немеренің алып болмасқа, 3 тонналық тасты көтермеске қақы жоқтай. Көкжал Барақ өмірін зерттеуші қарт журналист Советхан Қалиғожин Тайлақ баба көтерген ауыр тас қазіргі кезде Теректібұлақ ауылының жоғарғы жағындағы «Қызылтас» деген жерде әлі жатқанын айтты. Өкініштісі, бұған дейін шығарған кітаптарында сол тасты түсіріп, жарияламапты. Ал беріліп отырған суреттің мәтінге еш қатысы жоқ.

Малмақ



Жау қоршауында қалып, бас бармағын шауып елге тапсырған Шынқожа батырдың ұрпағы Малмақ балуан да оңай-оспақ болмаған. Ол көтерген тастың салмағы 5 центнерге (500 кг) жуық. Тас қазір Шығыс Қазақстан облысы Мақаншының Соқыртұма деген жерінде тұр.

Боранқұл

«Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабында Дондағұл есімді сұрапыл күштің иесі туралы айтылады. «Дондағұл Семейдегі бір байпатшаның (көпестің) биіктігі алты метрлік қорғанынан бір месте шайды асыра лақтырыпты» делінген онда. Сондағы Дондағұлдың прототипі Боранқұл балуан (Боранқұл Сәдіров) екенін ғалым Қайым Мұхаметханов ұлы жазушының өз аузынан естіген.

Енді халық ақыны, шежіре қарт Қалихан Алтынбаевтың жазбаларына назар аударайық. Ол кісі алдымен месте сөзіне мән беріп, оның қайдан келгенін анықтайды. «Месте — орыстың „место“ деген сөзінен бұрмаланған. Былғары буманың ішіне 253 кесек тас шай салынады. Сыртындағы бумасын қоса есептегенде месте шайдың салмағы тура 100 килограмм. Шай „Ресей империясының құрметті азаматы“ атағын алған, бірінші гильдиялы (дәреже) Шерияздан Мусин атты, ноғай көпесінің қорғанынан лақтырылыпты», — дейді.

Бұланбай



Бұланбайдың отызға тақаған шағында елге салық жинауға шыққан қытай шенеуніктерімен алысып, сотталыпты. Бұл туралы ел аузында қалған ескілікті әңгіме мынадай. Бір күні Қытай императоры зәулім сарайдың алдындағы арыстанның тас мүсінін көтерген адамның тілегін орындаймын деп жар салыпты. Күшін сынауға келгендер мүсінді орнынан қозғалата алмапты да. Сонда бір уәзір: «Бұл тасты түрмеде жатқан қазақтың балуаны көтеруі мүмкін», — дейді. Императордың бұйрығымен Бұланбайды арыстанға алып келеді. Ол: «Маған бір ай мұрсат етіңіздер. Алдымен қойдың етін беріңіздер. Сонан кейін екі қолымды иығыма дейін қайыс арқанмен шандып байласаңыздар, мен тасты көтеремін», — деп жауап қайтарыпты. Бұланбайдың тілегі орындалды.

Дүйім елдің алдында ол арыстанның тас мүсінін қос қолдап кеудесіне қойып, іле-шала басынан асыра көтеріпті. Күшіне разы болған қытай императоры Бұланбайды сый-сияпатпен еліне қайтарған екен.

Жалғасын оқу


Теги: Боранқұл, Малмақ, Тайлақ, Толағай